2018 жылғы 27 желтоқсанда «Еуропалық Одақтың агробизнесті басқару тәжірибесін Қазақстанға және Орталық Азия елдеріне трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараны экономика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, IAO корреспондент мүшесі (Халықаралық ауылшаруашылық білім академиясы), Киев экономикалық университетінің экономика кафедрасының профессоры модератор Притула Р.А. басқарды.

Іс-шараның мақсаты – Еуропалық Одақтың агробизнесіндегі менеджменттің тәжірибесімен және оның Қазақстанға интеграциялану мүмкіндігімен танысу; ЕО аграрлық саясатымен танысу. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқыту курсының әзірленген жұмыс бағдарламаларын талқылау.

Дөңгелек үстелде оқу курсының тақырыптары бойынша баяндамалар ұсынылды. ҚИнЭУ ғылым жөніндегі проректоры Амангелді Шаяхметов ЕО агробизнесіндегі менеджмент турал; экономика ғылымдарының магистрі, ҚИнЭУ экономикалық факультетінің деканы Татьяна Острянина инвестициялық менеджменттің әдіснамалық негіздері туралы; «Аграрлық менеджмент» мамандығы бойынша менеджмент магистрі, ҚИНЭУ экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сәрсембаева инвестициялық қызметті басқару және жоспарлау бойынша баяндама жасады. Қашықтықтан оқыту факультетінің деканы және Jean Monnet Модулінің модераторы Ғалия Исмуратова «ЕО аграрлық саясатының негіздері»тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, спикерлер ретінде ҚИнЭУ ректоры Сабит Исмуратов, стандарттау және тамақ технологиялары кафедрасының меңгерушісі Ғайния Есеева, академиялық даму жөніндегі проректор Гульнара Дюзельбаева, Экономика және менеджмент кафедрасының профессоры Раиса Притула, ғылыми зерттеулер бөлімінің басшысы Динара Жамалова, есептеу техникасы және автоматика кафедрасының меңгерушісі Қуат Жүнісов сөз сөйледі. Жалпы, дөңгелек үстел жұмысы жемісті, қызу пікірталаста және белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда одан әрі ынтымақтастыққа деген берік ниетпен өтті.

Осылайша, әр мұғалім жалпы талқылауға тақырып аясында қарастырылатын сұрақтар тізімін, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін ұсынды. Курстың әрбір тақырыбы Еуропалық Одақтың аграрлық саясатына қатысты мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа бағыттарына жәрдемдеседі, Еуропалық білімнің Қазақстанға кірігуін күшейтуге ықпал етеді және Еуропалық Одақ елдерінде студенттерді одан әрі оқытуға түрткі болады.

Осы іс-шараның жазбасына сілтеме