Консорциум үшін айтулы күнді мерекелеу құрметіне 2020 жылдың 10-11 желтоқсанында КАСКАД-тың бірінші ғылыми – практикалық конференциясы өтті.
КАСКАД төрағасы, ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар бойынша университеттер қауымдастықтарының жаһандық конфедерациясының атқарушы комитетінің мүшесі, Өзбекстанның жоғары білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің төрағасы, ТИАШМИИ ректоры Уктам Пардаевич Умурзаков кіріспе сөз сөйлеп, консориумның қызметі мен дамуы және оның мүшелерінің қосқан үлесі туралы әңгімеледі.
Конференцияға Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары бойынша жоғары оқу орындарының жаһандық конфедерациясы – ГЧЕРА, Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша Еуропалық қауымдастық (ИКА), Ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми инновациялар бойынша Жібек жолы Альянсы және т.б. сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мұндай құрылымдар өкілдерінің консорциумның бірінші ғылыми – практикалық конференциясына қатысуы біздің ынтымақтастығымыздың және әлемдік ауқымдағы бірлескен қызметіміздің маңыздылығын кезекті рет көрсетеді.
Конференция аясында КАСКАД-қа мүше университеттер арасында конкурс өткізіліп, келесі номинациялардың жеңімпаздары анықталды: «Өңір ғылымына қосқан үлесі бойынша 2020 жылдың үздік ғалымы», «Халықаралық критерийлер бойынша 2020 жылдың үздік ғалымы», «2020 жылдың үздік педагогы», «2020 жылдың үздік бакалаврат студенті «, «2020 жылдың үздік магистранты», «2020 жылдың үздік докторанты», «2020 жылдың үздік университеті». Номинациялар беру жөніндегі комиссия төрағалары конференцияға қатысушылар мен қонақтарға жеңімпаздардың есімдерін салтанатты түрде жариялады.