2020 жылдың 4-5 ақпанында КИНЕУ базасында «Қазақстандағы өндірістік автоматика және робототехника бойынша дуальды оқыту / ДИАРКАЗ» Эразмус + жобасының басталу кездесуі өтті. 6 ақпан күні Қазақстандағы Эразмус + Ұлттық кеңсесінің директоры Ш.У.Тасболатова жобаның профилактикалық мониторингін жүргізді.
Дуальды жүйе – бұл кәсіпорындар мен оқу орындарының тығыз өзара әрекеттестік негізінде білікті жұмысшыларды даярлаудың ерекше формасы. Дуальды білім беру жүйесінде оқытудың негізі кәсіптік білім беру ұйымдары базасында теориялық дайындық пен кәсіпорында тікелей практикалық дағдыларды алуды біріктіру болып табылады.
Жұмысқа жобаның барлық консорциумы қатысты: Нови-Сад университетінің өкілдері (Сербия, жобаның грант иегері), FH Joanneum Gesellschaft M.B.H. (Австрия), Duale Hochschule Baden-Württemberg (Германия), М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (жобаның елдік үйлестірушісі), Инновациялық Еуразия университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, Festo AG & CO компаниялар тобы және Erasmus + Қазақстандағы Ұлттық кеңсесі.
Бұл жобаның мақсаты – компаниялармен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастық арқылы осы саладағы бар олқылықтың орнын толтыру, Қазақстандағы халықаралық бағдармен тұрақты дуальды білім беру бағдарламасын құру (бағдарлама бағдарламалар іске асырылатын елдердің мекемелерімен ынтымақтастыққа негізделеді) және Орталық Азия аймағында өндірістік автоматика және робототехника саласындағы көшбасшыға айналу.
Жоба оқытушыларды даярлау, оқу жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, университеттер арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ академиялық емес және қауымдастырылған серіктестермен ынтымақтастық, білім мен тәжірибе алмасу арқылы осы мақсаттарға жету үшін қажетті адами және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді жетілдіруге негіз болады. Жоба нәтижелерінің тұрақтылығы ұлттық және өңірлік деңгейлерде тұрақты ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша жобаның кезеңдері мен мерзімдері, әрбір серіктестің жауапкершілік саласы, күтілетін нәтижелер нақты айқындалды. Жағымды көңіл-күйді реттеп, консорциум белсенді түрде DIARKAZ жобасын жүзеге асыруға кірісті.