Өткен аптада университетіміз Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды дамытуға арналған ауылшаруашылық университеттері консорциумының Халықаралық экономика және менеджмент мектебінің – КАСКАД академиялық ұтқырлығы аясында «ЕО-ның агробизнес тәжірибесі» оқу курсын өткізді. Бұл ұтқырлыққа алты елдің он бес университетінің 300-ден астам студенттері қатысады. Алты елдің қатарына Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
Оқу курсының ашылуы салтанатты түрде барлық үйлестірушілердің, серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен КАСКАД-тың жауапты хатшысы, EcoGIS орталығының жетекшісі Пулатов Алим Салимовичтің модераторлығымен өтті. Іс-шара басында ҚИнЭУ Президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сабит Борисович Исмуратов құттықтау сөз сөйлеп, университетіміздің тұсаукесер рәсімін жасады. Сондай-ақ, Сабит Борисович, Erasmus + 599371-EPP-1-2018-1-KZEPPJMO-MODULE «ЕО-ның агробизнесті басқару тәжірибесінің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы трансформациясы» жобасының жетекшісі ретінде, оның шеңберінде ұтқырлық бойынша ұсынылған пән әзірледі, жобаны іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті және курстың барлық оқытушыларымен бірге оқу жоспарының мазмұнын ашты. Салтанатты ашылудан кейін бірден кестеге сәйкес онлайн дәріс сабағы басталды.
Оқу аптасы студенттердің пән бойынша емтихан тапсыруымен және қорытынды баға қоюымен сәтті аяқталды. Біздің оқытушылар оқу курсын сәтті өткізгенін студенттердің жағымды пікірлерінің көптігі және сабаққа белсенді қатысуы дәлелдейді. Мұндай әріптестік қатынастар мен халықаралық жобаларға қатысу жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.