2020 жылдың 17 қыркүйегінде онлайн кеңесте Қостанай қаласында білім беру желісін құру бойынша ҚИнЭУ және Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) бірлескен жобасы басталды. Бұл жобаны іске асыру ITU тарапынан бірлесіп қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Осы жобаға сәйкес жатақханаларды қоса алғанда, алты білім беру мекемесі бірыңғай желіге қосылатын болады. Жобаға қатысатын ЖОО мен колледж студенттері жоғары жылдамдықты интернет қызметтерін ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан білім беру бойынша университетіміздің ресурстарына, сондай-ақ жергілікті желі бойынша электрондық кітапханалар мен каталогтарға қол жеткізе алады.

Categories: Жаңалықтар