28 наурызда жоба қатысушылары ҚИнЭУ-де «дөңгелек үстел» ұйымдастырды, оның пікірталастарына қостанайлық аграршылар, қоғам өкілдері, өңірлік мемлекеттік құрылымдар белсенді қатысты. Іс-шара ЕО, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің аграрлық саясаты саласындағы білімдерін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Қазақстанның агробизнесіндегі проблемалар белгіленіп, даму перспективалары қалыптастырылды. «Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша резолюция әзірленіп, Барлық материалдар университет сайтына орналастырылды, республикалық газетте жарияланды.

Аталған іс-шараның бағдарламасы мемлекеттік қызметшілердің ЕО-ның аграрлық саясатына ғана емес, басқа да экономикалық және әлеуметтік бағыттарға қызығушылығын жандандыруға бағытталды. Мемлекеттік қызметшілер алған білімдерін Қазақстанның мемлекеттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауда қолдана алады. Аграршылар ЕО агробизнесінің практикалық тәжірибесімен танысуға бірегей мүмкіндік алды. Биыл Еуропалық комиссия Jean Monnet қызметінің 30 жылдығын атап өтуде. Jean Monnet-нің 2019 жылғы 30 жылдығы оның әлемдік қауымдастыққа кең әсерін талқылауға мүмкіндік береді.