Жан Монне модулінің «Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі ЕО агробизнесті басқару тәжірибесін трансформациялау» жобасын іске асыру

«Төртінші өнеркәсіптік революция дамуының жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басуда», – деді. Сондықтан біздің мақсатымыз – қазіргі бәсекелі заманда жастарымызға үлкен мүмкіндіктер мен бастамалар ашатын Елбасының жолдауына сәйкес құндылықтарды құру.

«Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде ЕО агробизнесті басқару тәжірибесін трансформациялау» Жан Монне модульдік жобасын іске асыру 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді және бұл біздің төртінші өнеркәсіптік революция мақсаттарымыздың бастауы.

Жан Моне бағдарламасы Еуропалық Одақтың тарихымен, саясатымен, экономикасымен және заңнамасымен, сондай-ақ ЕО-ның әлемнің басқа аймақтарымен қарым-қатынасымен байланысты тақырыптарға оқыту, зерттеу және пікірталастар арқылы еуропалық интеграция процестері туралы білімді кеңейтуге бағытталған. Бағдарламаның негізгі міндеті-жоғары білім беру жүйесіне еуропалық өлшем енгізу. Атап айтқанда, қазіргі жобада – оқыту бағдарламасын жаңарту, озық білімді тарату және агроөнеркәсіптік кешендегі тәжірибені жетілдіру.

«Еуропалық Одақтың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы агробизнесті басқару тәжірибесін трансформациялау» жобасының міндеттері:

– еуропалық білімнің интеграциясы және Қазақстанның солтүстік аймағында еуропалық білімнің полюсін құру;

– Еуропалық Одақтың агроөнеркәсіптік саясаты, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде бейімделу мақсатында ауылшаруашылық саясаты бойынша оқыту мен зерттеу саласындағы озық тәжірибелерді насихаттау;

– мемлекеттік аграрлық саясатты жетілдіру мақсатында академиялық әлем мен мемлекеттік басқару саласы арасындағы диалогты дамыту;

– Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері үшін бірдей маңызды мәселелерді шешу және мүмкіндіктерді пайдалану үшін ғаламдық зерттеулердің бағыттарын анықтау;

– ынтымақтастықты жандандыру.

«Еуропалық Одақтың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы агробизнесті басқару тәжірибесін трансформациялау» жобасы келесі іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:

1. Бакалавр студенттеріне арналған жаңа ресми оқу курсын енгізу (30 студент II курс, 2-ші семестр). Жобаны іске асыру кезеңінде барлығы 90 студент оқудан өтеді.

2. ҚИнЭУ студенттерінен басқа Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының студенттерін факультативтік негізде виртуалды платформаны пайдалана отырып, ашық дәрістерге тарту жоспарлануда. 12 виртуалды сынып технологиясын қолдану (100 – ге дейін пайдаланушы қатысу мүмкіндігімен Adobe Connect) ҚИнЭУ серіктес жоғары оқу орындарынан Орталық Азия елдері бойынша студенттерді оқуға тартуға мүмкіндік береді.

3. Орталық Азия (ОА) елдерінің жоғары оқу орындары өкілдерінің, практик-аграршылардың, ғалымдардың, мемлекеттік өңірлік басқару органдары өкілдерінің, жұртшылық өкілдерінің, профессор – оқытушылар құрамының, студенттердің, зерттеушілердің қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу. Барлығы 200 адам қатысады деп жоспарлануда.

4. ЕО-қа қатысты мәселелер бойынша зерттеулер. ЕО мәселелеріне қатысты тақырып бойынша 3 зерттеу жүргізу жоспарлануда. Онда ЕО агробизнесін дамыту тәжірибесі ашылады, Қазақстанның аграрлық саясатына бейімделуге талдау жасалады.

5. «Дөңгелек үстел» форматындағы пікірталастарды ұйымдастыру жобаға аграрийлерді, қоғам өкілдерін, аграрлық саладағы, білім беру, ішкі саясат және жастар саясаты саласындағы өңірлік мемлекеттік құрылымдар өкілдерін тартуды көздейді. Дебатқа қатысушылар саны 100 адам.

6. Жобалық материалдарды жариялау және тарату.


Бұл жоба Еуропалық Комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы басылымның / материалдың мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі және Еуропалық Комиссияның пікірін білдірмейді.